Боран салдарынан БҚО өңіріндегі республикалық маңызы бар жолда автокөлік қозғалысы шектелді

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысы аумағында 25 ақпан кешқұрымнан бастап қатты боран мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты "Қазталовка-Жәнібек-Ресей шекарасы" республикалық маңызы бар автожолының 0-162 шақырымында автокөліктің барлық түрінің жол қозғалысына тыйым салынды.
Ал «Чапаев-Жалпақтал-Қазталовка-Ресей шекарасы» автожолының 0-213 шақырымында, сондай-ақ «Орал-Каменовка-Ресей шекарасы» жолының 74-104 шақырымында көлік қозғалысы бүгін сағат 9-дан бастап жанданды.
«Қазақавтожол» РМК Жол пайдалану қосындарының 41 қар тазалау техникасы боран басылғаннан кейін қар тазалау жұмыстарын жүргізуде.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет (7172) 444-777) жұмыс істейді.