Боранға байланысты бірқатар облыстарда жол жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтаннан бірқатар бағыттарға жол жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат «QazAvtoJol» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
None
None

Мекеменің мәліметінше, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан маңында боранға байланысты жол жабылған.

Атап айтқанда, «Нұр-Сұлтан - Петропавл» (18-231 шақырымы), «Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті» (16-200 шақырымы), «Екатеринбург - Алматы» (1006-1247 шақырымы), «Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Киевка - Теміртау» (51-102 шақырымы), «Қызылорда - Павлодар» (1135-1383 шақырымы), «Өскемен - Шемонаиха» (105-123 шақырымы) тасжолдары жабылды.

Көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынған.

Ал «Өскемен - Ресей шекарасы» (15-105 шақырымы) тасжолында тіркемесі бар ауыр жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылған.

Еске сала кетейік, кеше елордада бұрқасынға байланысты бірнеше қала маңы бағдарлары мен күре жолдарда көлік қозғалысы тоқтаған болатын.



Соңғы жаңалықтар