Бөрлі ауданында 2500 жаңа жұмыс орны ашылмақ

ОРАЛ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Бөрлі ауданында кемінде 2500 жаңа жұмыс орны ашылмақ,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан әкімі Болат Шәкімовтің айтуынша, соның 400-і ауылдық округтер еншісінде. Сондай-ақ 10-15 жаңа бизнес нысанын іске қосу көзделуде. Ауданда жыл басынан бері 149 жұмыс орны ашылған. Биыл 98 адамды оқыту мен қайта даярлауға 4,8 млн. теңге қаралса, 220 жұмыссызды қоғамдық қызметке тарту үшін 11 млн. теңге бөлінді. Бөрліде 728 кәсіпорын болса, соның 20-сы ірі салық төлеушілер болып табылады, 85 шетелдік және бірлескен компаниялар бар. Осыған дейін әлеуметтік әріптестік жөнінде 44 меморандум бекітілсе, сәуірдің 1-іне дейін тағы 16-сына қол қойылмақ. Мұнда жұмыс орындарын сақтау, қысқартылатындарды кәсіпорын есебінен қайта оқытуға баса назар аударылады.
Соңғы жаңалықтар