Борышкер кәсіпорындарға желтоқсанның 20-сына дейін жалақы бойынша қарыздарын өтеу міндеттелді - Шығыс Қазақстан
Аталмыш комиссияның жұмыс органы болып анықталған бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департаментінің директоры Бақытбек Қизатовтың ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың басынан бері соттарға еңбек инспекторларының өкімдерін мәжбүрлеп орындату туралы 615,66 миллион теңге соманың 66 материалы жөнелтілді. Бүгінде сот шешімі 614,86 миллион теңгеге орындалып отыр.
«Шығысмашзауыт» акционерлік қоғамына, «Қазөнеркәсіпаспап» серіктестігіне қатысты материалдар облыс прокуратурасына жөнелтілсе, соттың алдына мәжбүрлеп әкелу үшін «ШығысКөпірқұрылыс», «Рейнбоу В.И.», «Брест», «СМЗ», «Каматис-Промстрой» серіктестіктеріне қатысты материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.
Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департаментінің басшылығы борышкер-кәсіпорындардың басшыларына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мәлімдеме жасап, жалақы бойынша міндеттемелерді орындамау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.