«Босқындар туралы» заңды іске асыруға республикалық бюджеттен 2010-2011 жылдарға 3,5 миллион теңге қарастырылып отыр - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -Қазақстан Республикасының «Босқындар туралы» заңын іске асыру жұмыстарына республикалық бюджеттен 2010-2011 жылдарға 3,5 миллион теңге қарастырылып отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін аталмыш заңды жүзеге асыру жұмыстарына байланысты журналистермен кездескен Еңбек және халықты әлеуметттік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, «Босқындар туралы» заңды жүзеге асыру жұмыстарына қажетті қаржы республикалық бюджет пен заңға қайшы көлмейтін қаржы көздерінен қарастыру көзделген. «Ал бюджеттен бөлінген қаржы босқындардың куәлігін дайындау мен аудармашы қызметіне және жол жүру құжаттарын жасауға қажет. «Заңның нақты іске асырылуы Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссарының Қазақстандағы өкілдігімен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асады. Осы уақытта БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссарына Қазақстандағы басқарма өкілі болып қайта тағайындалған мырзамен бірнеше кездесулер өткізіліп, нәтижесінде бірлесіп қызмет ету жөніндегі келісімдерге қол жеткізілді. Біз БҰҰ-ның комиссарымен бұл бағытта алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеуге және «Босқындар туралы» заңнаманы жетілдіру үшін бірлескен шаралар қабылдауға ниеттіміз», деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, биылғы жылдың басынан күшіне еніп отырған заң босқындарға пана беру жөніндегі қатынастарды мемлекеттік реттеу тиімділігін арттырады және Қазақстанның «Босқындар туралы» конвенциядан туындайтын міндеттерін орындауда маңызды қадам болады.

Соңғы жаңалықтар