«Бота» қоры әлеуметтік жағдайы төмен 328 жасқа грант бөлді

АЛМАТЫ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Бота» қоры әлеуметтік жағдайы төмен 328 жас азаматқа білім грантын ұсынды.
None
None

Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Стипендиаттар еліміздің 45 колледжі мен 62 жоғары оқу орнында оқитын болады. Олардың ішінде Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Гумилев атындағы Еуразиялық университет, Халықаралық бизнес университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылайхан атындағы ҚазХҚӘТУ, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бар.

Жастарға берілген грант көлемі 283 млн. теңгені құрайды. Еске сала кетейік, қор былтырғы ақпан айынан бастап биылғы жылдың тамыз айына дейін байқау өткізген болатын. Бұл мерзім ішінде грант алуға 2 527 адам өтініш білдірген. Бұлардың ішіндегі жағдайы төмен, білім деңгейі жоғары 684 адаммен сұхбаттасу өткізіліп, 328 адамға грант берілген. Бұлардың 281-і - мектеп, 47-і колледж түлектері. 53-і - жетім балалар.

2009 жылдан бері «Бота» қоры 649 білім грантын бөлді.

Соңғы жаңалықтар