«БОТА» қорының төртінші гранттық байқауы басталды

Осы мақсатта қор 26 қыркүйектен бастап әлеуметтік жағдайы төмен және халықтың осал топтарындағы балалар мен жастарға қызмет көрсететін жергілікті коммерциялық емес ұйымдардың жобаларына төртінші гранттық байқау жариялады.
Байқауға қатысу үшін заңды түрде тіркелген барлық Коммерциялық емес ұйымдар шақырылады. Көлемі 290 000 теңгеден 7 250 000 теңгеге дейінгі гранттар «Мектепке дейінгі білім мен тәрбие», «Ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастар», «Қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен жастар», «Жастардың әлеуетін және басқа мүмкіндіктерін дамыту» бағыттары бойынша беріледі.
Грант алуға қызығушылық танытқан КЕҰ-дар IV гранттық байқаудың мазмұны және шарттарымен, грант сұранымдарымен Қордың www.bota.kz сайтынан таныса алады, немесе 8-800-080-58-08 тегін байланыс желісіне (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), не ssp@bota.kz электрондық мекенжайына хабарласа алады. Сұранымдарды қабылдаудың соңғы күні: 26 қазан 2011 жыл.
Бүгінде «БОТА» Қоғамдық қорының қолдауымен 18 000 бала мен жас азамат әлеуметтік қызметтер алуда. Жылдың соңына дейін Қор әлеуметтік жағдайы төмен және осал топтардағы балалар мен жастарды қолдауға 145 млн. тенгеден астам сома бөлуді жоспарлап отыр.