15:53, 14 Тамыз 2015 | GMT +5
Бозшакөл кен байыту фабрикасында өрт шықты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 13 тамызда түнде Бозшакөл кен орнындағы салынып жатқан кен байыту фабрикасының үгіту цехында өрт шықты.
Бұл туралы KAZ Minerals жұмыс тобының Корпоративтік байланыстар департаментінің Алматыдағы жетекшісі Мақсұт Жапабаев айтты.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Қазір өрттің шығу себептері анықталуда. Толық ақпарат шығынның көлемі есептелгеннен кейін беріледі.