Браконьерлердің әрекетінен 2 миллион теңге соманың шығыны келді

АҚТӨБЕ.  Желтоқсанның  24-і.  ҚазАқпарат /Самал  Ендібаева/ - Табиғат қорғау полициясының  қызметкерлері    жол   полицейлерімен   бірлесіп жүргізген   рейд кезінде Ақтөбе-Қобда   тас жолында кезекті  браконьерлерді   қолға түсірді.
None
None

49 жастағы  ақтөбелік  8   жабайы  шошқа мен    бір  қоян  атып  алып,      қоршаған ортаға  2 миллионнан  астам теңге    көлемінде    зиян  келтірген.

Облыстық  ішкі істер    департаментінің  баспасөз қызметінен   хабарлағандай,   тіркемесі  бар «Тойота Ланд Крузер»  көлігі  желтоқсанның  22-сі күні    сағат 22.15-терде    облыс орталығына кіреберісте  ұсталған.

Тіркемені тінту кезінде  ол жерден  8   жабайы  шошқа мен   бір қоянның  тұтас еті  табылған.   Ал  автокөліктің   жүк салатын жерінен  құжатсыз  тегіс оқпанды  2 аңшы қаруы   мен     оқ-дәрі табылған.

Факті  негізінде    «заңсыз аңшылық»  бабы бойынша    қылмыстық   іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар