10:55, 06 Ақпан 2017 | GMT +5
Brent маркалы мұнай бағасы барреліне $57 дейін өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерқұрылықтық биржадағы сауда-саттық барысында Brent маркалы солтүстік теңіздік мұнай қоспасының сәуір айына фьючерстер құны 0,333% пайызға артып, барреліне $57,00 дейін көтерілді, деп хабарлады «Коммерсант».
WTI маркалы мұнай бағасы 0,389% пайызға өсіп, барреліне $54,04 дейін өсті.