Британ кеңесі Қазақстан үшін жеңіл өнеркәсіпті дамытудың маңызын жақсы түсінеді- Лина Милошевич

Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Тауарлар өндірісінің инновациялық технологиялары, жеңіл өнеркісіп бұйымдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.
«Британ кеңесі Қазақстанның орнықты дамуы мен жалпы болашақ табыстары үшін жеңіл өнеркісіпті дамытудың маңызын жақсы түсінеді. Сол себепті мамандар дайындау ісіне қолдан келген барлық көмегін жасайды. Әсіресе оқу әдістемесі мен оқытудың инновациялық технологияларын енгізу барысында», - дейді Британ кеңесінің директоры, Ұлыбританияның Қазақстан мен Қырғызстандағы Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Лина Милошевич. Оның айтуынша, бүгін Орталық музейде Ұлыбритания дизайнерлерінің көрмесі ашылмақ. Оған есімдері әлемге әйгілі британ модельерлерінің туындылары ұсынылып отыр.