Британ Парламентінде Орталықазиялық топ құрылды

Британдық үлкен кәсіпкер және Біріккен Корольдік парламентіндегі консервативтік партияның мүшесі, орталықазиялық топ жетекшілерінің бірі лорд Шейхтың пікірінше, батыс инвесторларының аймақ елдеріне ықыласы, бірінші кезекте, өндіруші салалармен байланысты. Дегенмен лорд, туризм, көлік және жоғарғы технологиялық өндірістер сияқты бағыттардың да әлеуеті мол екендігіне сенімді.
«Уақыт келіп, дағдарыс аяқталады. Және сіздердегі минералдық шикізат қайтадан үлкен сұранысқа ие болады. Менің ойымша, Қазақстан осы мәселені жақсы түсініп отыр, республика инвесторлар тартуға жайлы жағдай жасау жөніндегі шаралар қабылдауға тырысуда. Сіздердің үлкен басымдықтарыңыз - елдегі саяси тұрақтылықтарыңыз», дейді лорд.