Британиялық азамат Лондонда Назарбаев атындағы бейбітшілік пен келісім орталығын құруды ұсынды
«Мен Ұлыбритания азаматымын. Қазақстанда жұмыс жасап жатқаныма бес жылдың жүзі болды. Мен осында «Қазақстан қағазы» компаниясының акцияларын сатып алдым. Себебі Қазақстан өте тұрақты ел. Біздің компания макулатурадан қағаз бен картон жасап шығарумен айналысады. Сондықтан біз «жасыл» өндіріс болып саналамыз. Президент мырза, сіздің бейбітшілік пен келісім саясатыңыздың арқасында мен өз капиталым үшін қорықпаймын», - деді кәсіпкер бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевқа қарата айтқан сөзінде.
«Қазіргі уақытта әлемде тұрақсыздық жайлаған. Бейбітшілікті сақтаудың шешімін Нұрсұлтан Назарбаев тауып отыр. Сіздің бейбітшілік пен келісім моделіңіз барша әлемге таралуы тиіс деп санаймын. Сондықтан мен Лондонда Назарбаев атындағы бейбітшілік пен келісім орталығын құруды ұсынамын. Біздің компания бұл бағыттағы жұмысты бүгіннен бастауға дайын», - деп атап өтті ол.
Өз кезегінде ҚР Президенті Н.Назарбаев Қазақстандағы барлық макулатураны өңдеу қажеттігіне тоқталды.