20:09, 09 Қаңтар 2012 | GMT +5
Брянскіде кәріз құбырына құлап кеткен 1,5 жастағы баланың денесі әлі табылған жоқ
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - ТЖМ-нің құтқарушылары жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-де Брянскідегі кәріз құбыры тереңдігінің 80 пайызын қарап шықты.
Естеріңізге сала кетейік, кеше кәріз құбырына 1,5 жастағы бала құлап кеткен еді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.
Брянск облысы бойынша ТЖМ бас басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Олег Янковтың хабарлауынша, 1 тәуліктен астам уақыт бойы жүргізіліп жатқан іздестіру жұмыстары ешқандай нәтиже бермей отыр, баланың денесі әлі табылған жоқ.
Янковтың сөзіне қарағанда, іздестіру жұмыстарын 65 адамнан тұратын құраммен және 24 бірлік техникамен 10 бригада жүргізіп жатыр.