Брюссельде «Қазақстан Республикасындағы ұлысаралық және конфессияаралық келісім» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті

РЮССЕЛЬ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Брюссельдегі Еуропарламент ғимаратында кеше, мамырдың 12-сінде «Қазақстан Республикасындағы ұлысаралық және конфессияаралық келісім» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өтіп,
None
None

оған еуропалық құрылымдардың, дипломатиялық корпустың, посткеңестік мемлекеттердің Бельгияда тұратын түрлі диаспораларының өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.

Шараны ұйымдастырушы, Қазақстан халқының «Арман» бельгиялық қауымдастығының төрайымы Айнұр Қасенованың айтуынша, Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап ұлтаралық және дінаралық келісім біздің еліміздің тұрақтылығы мен дамуының кепілі болып отыр. Дәл осы себеппен, көпұлтты және көпконфессиялы Еуропаны біздің өмірімізбен таныстыру мақсатында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды, дейді ол.

Отырысқа қатысқан «Тау ісі» халықаралық қауымдастығының төрағасы Сергей Первухиннің айтуынша, Қазақстанның аумағында ешқандай діни және ұлысаралық қақтығыстар болған жоқ. «Республикада лайықты жағдай жасай алған Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселеде басты роль атқарды. Қазақстан халқы түрлі діндердің өкілдеріне деген толеранттылығымен және бейбітсүйгіштігімен ерекшеленеді», - дейді С.Первухин.

Соңғы жаңалықтар