Брюссельде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясындағы экономикалық мүмкіндіктерді талқылауға арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті

БРЮССЕЛЬ.   Желтоқсанның  23-і.  ҚазАқпарат /Ержан  Оспанов/ -   Қазақстан  Елшілігі  Брюссельде «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы  аясындағы экономикалық мүмкіндіктер  және  өзара тиімді ынтымақтастықты  одан әрі  нығайту  үшін  «Еуропаға жол»  мемлекеттік  бағдарламасын жүзеге асыру»  тақырыбына арналған  «дөңгелек үстел»  отырысын  өткізді.   
None
None

 Бұл басқосуға    Еуропалық     одақ институттары мен Бельгия  бизнес-топтарының  өкілдері,  оның ішінде      экспортты  және инвестицияларды дамытумен  айналысатын AWEX  және  аймақтық  агенттіктердің   өкілдері  қатысты.

Қазақстанның Еуроодақ,    НАТО   ұйымдарының  жанындағы,    Бельгия  және  Люксембургтегі  Елшісі   Ерік Өтембаев  жиналған қауымға   «Еуропаға жол»   мемлекеттік бағдарламасының   негізгі бағыттарын,  Қазақстанның  алдағы ЕҚЫҰ-ға төрағалығының   басты міндеттерін     таныстырды және     еліміздегі   әлеуметтік-экономикалық   және    саяси реформалар  туралы   әңгімелеп берді.

Еуроодақтың  Орталық  Азия   бойынша  арнайы өкілі   Пьер  Морель өз сөзінде,  Еуроодақтың   Орталық  Азия елдеріне  қатысты стратегиясы мен  «Еуропаға жол»  мемлекеттік  бағдарламасының  бірін-бірін толықтырып    отырғанын  атап көрсетті.   Ол  сондай-ақ,   Еуроодақтың  аймақтағы     негізгі серіктесі   ретіндегі   Қазақстанмен    арадағы ынтымақтастығының     мол  әлеуетіне  тоқталып,  біздің еліміздің  аймақтағы      көшбасшы   екенін      баса  атап көрсетті.

Ал Еурокомиссия өкілі   Николаас   Беинема    өз     сөзінде,      жаһандық  дағдарыстан   шығу  мәселесіне  қатысты Президент Н.Назарбаевтың  «Бесінші  жол»  мақаласындағы    идеяларды жоғары   бағалады. 

«Дөңгелек  үстел»   отырысын   қорытындылай келе,  оған   қатысушылар  екі елдің   үлкен компаниялары  мен институттары  кіре  алатын       қазақстан-бельгия    бизнес-қоғамдастығын  құру  идеясын    қолдады.  

Соңғы жаңалықтар