Брюссельде ҚР депутаттары Еуропарламентпен арадағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады

Еуропарламент жетекшілерімен бірқатар кездесулер өткізіп, Еуропаның басты заң шығарушы органымен арадағы қарым-қатынастардың дамытылуын талқылады.
Бұл туралы өткен кездесулердің қорытындылары бойынша қазақстандық журналистерге ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары С.Дъяченко хабарлады.
«Біздің мақсатымыз - Еуропарламенттің қызметімен танысу. Біз түрлі фракция өкілдерімен, Еуропарламент жетекшілігі және танымал еуропалық саясаткерлермен заманның көкейкесті мәселелерін талқылап, болашақ ынтымақтастықтың келешегін белгілейміз, сондай-ақ жанасу нүктелерін табамыз. Қазақстанға, өткізіліп жатқан реформаларға деген қызығушылық, сондай-ақ біздің елімізде болып жатқан үрдістерді түсіну айқын екенін атап өту керек», - деді С.Дъяченко.
Мәжіліс төрағасы орынбасарының айтуынша, биылғы жылдың қазан айында өтуі тиіс «Қазақстан-Еуроодақ» парламенттік ынтымақтастығы комитетінің отырысына дайындық талқылау тақырыптарының бірі болды.
Қазақстандық парламенттік делегациясының Еуропарламентіке жасаған сапарының бірінші күнінде Еуропарламент төрағасының орынбасары Мигель Анхель Мартинес Мартинеспен, «Социал-демократтардың озық альянсы» тобының төрағасы Ханнес Свободамен, сондай-ақ «Еуропалық консерваторлар мен реформашылар» тобының төрағасы Мартин Каллананмен кездесулер өтті.
Бүгін қазақстандық депутаттардың ЕП-тің ҚР бойынша делегациясының төрағасы Паоло Бартолоццимен, ЕП-тің адам құқықтары бойынша кіші комитеті төрағасының орынбасары Метин Казакпен, ЕП-тің ҚР бойынша делегация мүшелері - Вилья Сависаар-Тоомаст және Богдан Марцинкевичпен, «Социал-демократтардың озық альянсы» тобы төрағасының орынбасары Либор Ручекпен, ЕП-тің ҚР бойынша делегациясы төрағасының орынбасары Николь Киил-Нильсенмен кездесулері болады деп күтілуде.
Қазақстандық тараптан жүздесулерге ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, ҚКХП-ның төрағасы Владимир Косарев, Мәжілістің экономикалық реформа және аймақтық даму бойынша комитетінің мүшесі, «Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев, Мәжілістің экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің мүшесі Айгүл Соловьева қатысады.