Брюссельде «Төбет: Аты аңызға айналған қазақы ит» атты фотокөрме өтті

Қазақстандық ұйымның жетекшісі осынау аты аңызға айналған қазақы ит жайлы фотокөрме ұйымдастырды және еуропалықтарды төбеттер туралы фотокітабымен таныстырды.
Шараның басты қонағы бекзада Лоран өз сөзінде; «...фотосуреттерді көргенде, елдеріңізге барған сапарымды жылы сезіммен еске алдым. Халқы небәрі 16 миллион болғанымен, Қазақстанның аумағы Еуропамен шамалас. Мен сол сапарымда төбетті өз көзіммен көре алғанымды мақтан етемін», деп атап көрсетті.
Бекзада Лоран, бүгінде әлемді табиғаттан артық біріктіретін күш жоқ деп санайды. «Қазақстан әрқашан менің жүрегімде», деп түйіндеді бекзада өз сөзін.
«Төбет- қазақы ит» қорын Даниар Дәукей 2004 жылдың тамызында құрды. Оның негізгі мақсаты - төбет иттің тұқымын сақтау және оны табиғи ортаға бейімдеу: ең алдымен, малдың жанында болуға негізделген олардың табиғи миссиясын қайтару болып табылады.
Төбет иттердің шығу тегі жайындағы мәлімет көздері б.э.б. 1121 жылдардан басталады. Қазақы төбет ит қаңқалары Шығыс Еуропадан Қиыр Шығысқа дейінгі мұздақ дәуірі алдындағы климаттық зоналы өлкелерден табылған.
Марко Поло ХІІІ ғасырдағы қазақтар туралы жазбаларында ойға сыймайтын алып денелі, ерекше күшті иттер жайында былай деп жазып кеткен: «Тайыншадай биік денелі иттер - тағы аңдарды аулауда, күзетте және ауыр жұмыстарда тамаша серік». Шағатай ұлысында саяхатшы қасқыр алатын бұл иттерді хан сарайынан кезіктірген. Оларды өсірумен ханның екі бауыры айналысқан. Ит саны 10 мың бас көлемінде болған. Қасқыр алар иттердің хан сарайында осынша мән беріліп, арнайы өсірілуі еріккеннің ермегі емес, жыртқыштармен жағаластырған көшпенді өмір талабы еді.
Бүгінгі күнде Қазақстанда таза қанды Төбеттер аз қалды.