БТА Банкі кредиторлармен келіссөздердің негізгі кезеңін аяқтады

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -  «БТА Банкі» АҚ  кредиторлармен  келіссөздерінің негізгі кезеңі  ойдағыдай  аяқталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат БТА банкінің  жұртшылықпен  байланыс  қызметіне сілтеме жасап.

  Желтоқсанның  7-сінде  Лондонда «Қайта құрылымдаудың негізгі коммерциялық шарттарына»  (Principal Commercial Terms Sheet) қол  қою аяқталған. БТА Банкі Басқарма төрағасы Әнуар Сәйденовтің айтуынша, бұл құжатқа қол қойғаннан бастап,  қаржылық институтты  жаңартуға бағытталған үлкен қадам жасалған. «Бүгінгі күні, біз сеніммен - банктің тұрақсыз кезеңі артта қалды деп айта аламыз, бізді жаңа  да ауыр міндеттер күтіп тұр, соларды шешетін болсақ, БТА нарықтағы өзінің негізгі  орнын қайта қалпына келтіру  мүмкіндігіне ие болады», дейді Ә.Сәйденов.

Қол қойылған құжатқа  сәйкес  кредиторлар санатының тәуелділігіне қатысты  қайта құрылымдаудың аясында кредиторларға ұсынылған опциялар   үлкен борыштың (senior debt) төрт негізгі  пакетіне және кіші борыштың  екі  пакетіне (junior debt) бөлінген. Үлкен  борыштың  бірінші  пакетіне (Senior Package 1)  көбінесе банктің    облигациялары мен борыштары бойынша  талаптар  және 7,6 миллиард АҚШ доллары   сомасына жуық  сауданы  қаржыландыру  бойынша міндеттемелердің  бір  бөлігі   енгізілетін болады. Аталмыш  пакет 946 миллион АҚШ доллары сомасына ақшалай төлем  жолымен, дисконттық 70 пайыздық   жаңа  сегіз жылдық борыштық қағазымен және  15 жылдық реттелген борыштық  құралдарымен  қайта құрылымдалады. Кредиторлар  қосымша түрде банктің 8,5 пайызға  жуық акциясын алады. Үлкен борыштың  екінші  пакетіне (Senior Package 2)  кредиттік-сарапшылық агенттіктердің  талаптарымен  БТА-ның  Үкімет пен басқа да мемлекеттік ұйымдардың алдындағы кейбір  міндеттемелері және сауданы қаржыландыруға байланысты  өзге  міндеттемелерінің де бір бөлігі   кіреді. Екінші  пакет  бойынша  қайта  құрылымдалатын міндеттемелердің  барлық  сомасы 1,6 миллиардқа  жуық АҚШ  долларын құрайды. Аталмыш  пакет Original Issue Discount Instrument (OID)   деп аталатын  арнайы борыштық құралдардың  шығуын көздейді. OID  басқа  екінші  пакет  бойынша кредиторларға 15 жылдық реттелген борыштық  құралдарының  105 миллионға  жуық  АҚШ долларына дейінгі соманы, банктің 1,8 пайыздық  акциясын  алатын болады.

 Кредиторларға жоғарыда  атап өтілген үлкен борышқа (Senior Package 1 и 2)  қосымша түрде проблемалы активтердің   сот арқылы өндіріп алатын қаражаттың  бір бөлігі  табыс  етіледі.

Үлкен борыштың   үшінші  пакетіне (Senior Package 3)   сауданы қаржыландыру міндеттерінің 700 миллион сомаға  жуық АҚШ  доллары  енгізілген.  Үшінші пакет қаржыландыру міндеттерінің жаңа  екі  жылдық   (RCTFF) кредит  желісін  жаңарту   арқылы қайта құрылымдауды  көздейді.

Үлкен борыштың  төртінші  пакеті  (Senior Package 4)  исламдық қаржыландыру кредиторларына арналған (250 миллион АҚШ  доллары).  Аталмыш  пакеттің аясында 54 миллион мөлшеріндегі АҚШ  долларынан тұратын берешектің 21,5  пайызы ақшалай  қаражатпен өтеледі.

Қосымша екі  пакет  (Junior Package 1 и 2)қазақстандық зейнеткерлік  қорлар  мен  банктің реттелген және мерзімсіз облигацияларын ұстаушыларға ескеріліп отыр. Зейнеткерлік  қорларға 20  жылдық  мерзімге 28 миллиард теңгеге жуық (186 миллион АҚШ  доларымен)  борыштық құралдар ұсынылады. Реттелген және мерзімсіз облигацияларды ұстаушылар  ( жалпы  сомасы 1,1 миллиард АҚШ  долларымен)  БТА-ның 4,5 пайызға жуық  акциясын  иеленеді.

БТА Банкінің  қайта құрылымдалуы 11,13 миллиард АҚШ доллары көлемінде борышты  азайту және бір  бөлігін акционерлік капиталға  айырбастау жолымен қосымша  реттеуіш  капиталды  жасауға мүмкіндік  туғызуға  тиіс. Аталмыш  шараға  кредиторлар мен банктің негізгі  акционері «Самұрық-Қазына» Ұлттық  әл-ауқат  қорымен   бірлесе ортақ күш  салуымен  қол жеткізуге болады. ҰӘАҚ «Самұрық-Қазына»  БТА Банкінің  4,5 миллиардтай АҚШ  долларын  акционерлік капиталға айырбастайды. Қайта  құрылымдау  біткен кезде  Банктің  «Самұрық-Қазына» - 85  пайызына, ал  кредиторлар - 15 пайызына ие болады. Қайта құрылымдау  аяқталған сәтінде  БТА Банкінің кредиторлар алдындағы борыштық  міндеттемесінің  мөлшері 4 564  миллион АҚШ  долларын  құрауы  тиіс, соның ішінде реттеуіш борышқа  - 797 миллион АҚШ доллары тиесілі.

БТА Банкінің  кредиторларға опциямен ұсынылған қайта құрылымдау жоспары  2010 жылдың 23 наурызына  дейін  кредиторлар жиналысының қарауына берілмек.

Соңғы жаңалықтар