БТА банкі "МАЭК Қазатомөнеркәсіп" қызметкерлеріне арналған ипотекалық несие беруді жалғастырады

АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - БТА Банкі Маңғыстау облысындағы ірі кәсіпорын «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қызметкерлеріне арналған жеке шарттар бойынша берілетін ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыру мерзімін ұзарту жөнінде шешім қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ипотекалық бағдарламаның екінші кезеңі аясында беріледі деп күтілетін қаржы көлемі 3 миллион АҚШ долларын немесе 100 пәтерді құрайды. Нарықтағы ресурстардың қымбаттауына қарамастан БТА Банкі бұл компания үшін ипотекалық несиелендірудің бұрынғы шарттарын өзгертпеген. Атап айтқанда, ипотекалық бағдарлама бойынша «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» қызметкерлеріне арналған бастапқы жарна сатып алынатын жылжымайтын мүліктің 5 пайызын құрайды. Жылдық сыйақы ставкасы 12,5 пайыз. Ипотекалық банктің заем көлемі 300 000 АҚШ долларынан аспауы тиіс. Несиелік қаржы 20 жыл мерзімге беріледі. БТА Банкі 2007 жылдан бері ұсынып келе жатқан жеке ипотекалық бағдарлама аясында аталмыш компанияның 100 қызметкері Ақтау қаласынан тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік алды. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 2003 жылдан бері БТА Банкінің ірі клиенті болып табылады. Электр және жылу энергиясымен жабдықтап, оны сату, ауызсу, техникалық және теңіз суы өндірісімен және оны таратумен шұғылданатын кәсіпорында 3 950 адам жұмыс істейді.
Соңғы жаңалықтар