16:06, 23 Тамыз 2010 | GMT +5
БТА банкінің директорлар кеңесінің құрамы өзгерді
АЛМАТЫ. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін БТА банкі акционерлерінің кезектен тыс жиналысы өтіп, директорлар кеңесінің құрамы өзгерді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі Ульф Вокурка өз арызы бойынша, басқа жұмысқа ауысуына байланысты мүшеліктен шықты. Сонымен қатар Ерлан Тәтішев пен Қайрат Айтекеновтің де қызметі тоқтатылды. Сонымен қатар кредиторлар комитетінің мүшесі Кристоф Шефбек пен Маартен Лео Пронка директорлар кеңесінің мүшелігіне енгізілді, Болат Бабенов тәуелсіз директор болып тағайындалды. Қазіргі кезде банктің директорлар кеңесіне 9 адам кіреді. Жиналыс барысында бұнымен қатар есеп комиссиясы мүшелерінің санын ұлғайту, Директорлар кеңесі туралы жарғыны жаңа редакцияда қабылдау мақұлданып, банктің бұрынғы лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту мәселесі сөз болды.