17:41, 14 Тамыз 2015 | GMT +5
Бүгін Ақмола облысында 28-ші облыстық «Ақбидай» спартакиадасы жалауын көтерді (ФОТО)
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында 28-ші облыстық «Ақбидай» спартакиадасының жалауы көтерілді.
Шараға қатысқан облыс әкімі Сергей Кулагин жиналғандарды спартакиаданың әрі осы спорттық дода өтіп жатқан стадионның ашылу сәтімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, өңір басшысы елімізде жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде аталып өтетін Спорт күні қарсаңында облыста спорттың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттады.
Өңірде бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған спартакиада футбол, волейбол, жүгіру сияқты спорттың бірнеше түрі бойынша өтуде.
Жалпы, спартакиадаға облыстағы 17 аудан мен 2 қаладан келген 1 мыңға жуық спортшы қатысып жатыр. Қатарынан екі күн өтетін жарыстың жеңімпаздары ертең белгілі болады.