Бүгін Ақтауда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» атты сурет байқауы өтіп жатыр

АҚТАУ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова / - Бүгін Ақтауда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» атты сурет байқауы өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан бұл шара талантты, шебер, дарынды балаларды анықтау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында мектепке дейінгі мекемелер арасында ұйымдастырылған. Байқауға әр балабақшадан екі тәрбиеленуші қатысуда. Ізгі шара ертең де оқушылар арасында жалғасын таппақ. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдерді жақсы әдетке, көркем мінез-құлықтарға тәрбиелеу негізінде «Аналар темекі шегуге қарсы» сурет байқауы ұйымдастырылуда.
Соңғы жаңалықтар