Бүгін Алматы аруы анықталады

МАТЫ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда, Көктөбеде «Қазақстан аруы» - «Алматы аруы 2011» Ұлттық арулар байқауының аймақтық кезеңі өтеді.
None
None

Жылдың сұлулыққа толы шарасының бірі - қала күні мен тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналады.

Қаланың ең әдемі аруы атағы үшін 17-21 жас аралығындағы 20 ару бақ сынайды. Олардың 15-і ұйымдастырушылар тарапынан өткізілген кастингтер нәтижесінде, 5-і интернет қолданушылар арасындағы онлайн дауыс беру арқылы анықталған. Конкурс бағдарламасы бойынша ұлттық киім, кеш көйлектері, Mary Kay-дің жағажай киімдері мен көйлектерін көрсетуден, сондай-ақ интеллектуалдық конкурста сынға түседі. Ең үздік аруды қазақстандық эстрада жұлдыздары, ірі сән агенттіктерінің және БАҚ өкілдері мен демеушілерден құралған әділқазылар алқасы анықтайды. Байқау жеңімпазы биылғы жылдың аяғында өтетін "Қазақстан аруы" байқауында бақ сынайды.

Атап өтерлігі, аталған конкурсқа биылғы жылы 15 жыл толады. Бұған орай конкурстың бас демеушісі Mary Kay компаниясы жеңімпазға ерекше сыйлық - 37 бриллианты бар, ақ алтыннан жасалған білезік сыйламақ.

Соңғы жаңалықтар