Бүгін Алматыда «Ресей балет жұлдыздарының» гала-концертi өтеді

АЛМАТЫ. 5 наурыз. ҚазАқпарат -  Бүгін Алматыда Абай атындағы  опера және балет театрында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйелдерге деген махаббатпен» атты ресейлік балет жұлдыздарының  гала-концерті өтеді.
None
None

Тұңғыш рет Абай атындағы опера және балет театры сахнасында Ресейдің ең үздік деген балет театрларының жарқын жұлдыздары, әншілер мен бишілер жиналып, алматылықтарды және қала қонақтарын өнерлерімен сусындатпақ.   

Мерекелік концертте әлемдік балет жұлдызы, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, халықаралық байқаулардың лауреаты - Фарух Рузиматов (Санкт-Петербург), «Русский Камерный Балет Москвы» труппасының жетекші балеринасы Саяка Такуда,  Мариинск театрының солисті Андрей Баталов, Париж бен  Лондонды бағындырған  «Кремлевский балет» театрының  Прима-балеринасы Александра Тимофеева,  К.С. Станиславский және В. И. Немирович-Данченко атындағы Мәскеу Музыкалық театрының Прима-балеринасы Наталья Крапивина, Мариинск театрының бірінші әншісі Анастасия Колегова және  Михаил Мартынюк, Георгий Смилевский, Данил Корсунцев сынды Ресейдің еңбек сіңірген әртістері өнер көрсететін болады.  

Қазақстандық өнер сүйер қауым назарына ресейлік балет жұлдыздарының  орындауындағы «Лебединое озеро», «Ромео и Джульетта»,  «Титаник», «Болеро», «Корсар», «Щелкунчик», «Дон Кихот» қойылымдары ұсынылатын болады.

Соңғы жаңалықтар