Бүгін барлық қалаларда, аудан орталықтарында, елді мекендерде тазалық сенбілігі өткізілді-Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Бүгін Ақмола облысының барлық қалаларында, аудан орталықтары мен елдімекендерде «15-ші қыркүйек пен 15-ші қазан тазалық айлығы» аясында абаттандыру, көгалдандыру және аулалар мен көшелерді тазарту сенбілігі өткізілді.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше сенбіліктен ешкім де қалыс қалмауда. Алдын ала жұмыс ауқымы анықталып, жауапты лауазым иелері, қоқыс тасымалдауға көліктер тиянақталған болатын. Тек Көкшетау қаласында бұл күні бес учаске белгіленіп, 2 161 жас көшеттер отырғызылды. Оның сыртында әр шағын ауданда, кәсіпорындар мен мекемелер бекітілген учаскелерде, аулаларда тазалық шаралары жүргізіліп, қоқыстарды жинау, ағаштарды әктеу, нысандардың сырт көрінісін ретке келтіру сынды шаралар шешімін табуда. Сенбілікке барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, шағын және орта бизнес өкілдері, жоғары және арнаулы оқу орындары, білім ошақтары студенттері мен оқушылар, ұстаздар қауымы ұйымшылдықпен атсалысуда. Сенбілік штабынан алынған мәліметтерге сәйкес игі іс жаппай сипат алып отыр.

Соңғы жаңалықтар