10:23, 14 Наурыз 2009 | GMT +5
Бүгін ? батысқазақстандықтар үшін көрісу күні
ОРАЛ. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Наурыздың 14-і – Қазақстанның батыс аймағына тән көрісу күні,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл күні жұртшылық ауыл-аймақтың ақсақалына, жасы кішілер үлкендерге арнайы барып, амандасып, бір жасымен құттықтайды. Қойын-қонышын тәттіге толтыратын балалар да бір жасап қалады.
Бұл ежелгі дәстүр Қазақстанның батыс өңірінде ғана сақталған. Кейбір деректер бойынша мұны Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша көрісу (яғни қауышу) күні деп атайды. Бұл салт қайдан шықса да, иманға, жақсылыққа негізделгені анық. Қазіргідей шақта адамдардың бір-бірін сыйлап, әсіресе, жастардың үлкендерді құрметтегеніне не жетсін.
«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы ұлыстың ұлы күніне орай наурыздың 14-інде «Жас дәурен» балалар кешенінде қайырымдылық кешін өткізгелі отыр.