Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансысына кезекті ғарыштық жүк ұшырылады

БАЙҚОҢЫР. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Сара Кәбиқызы/ - «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Прогресс М-07М» жүк көлік кемесімен бірге «Союз-У» ғарыш зымыранын ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталуда.
None
None

Роскосмос баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін таңертең 31-ші ұшыру кешенінің алаңында мамандар қатары жиналып, ұшыру күніндегі міндеттер анықталды.

Жергілікті уақыт бойынша 13 сағат 15 минутта зымыранның от компонентерімен қамтамасыз етілуі туралы және оны ұшыру туралы шешім қабылдайтын мемлекеттік комиссияның отырысы басталады деп жоспарланып отыр.

«Прогресс М-07М» жүк көлік кемесімен бірге «Союз-У» ғарыштық зымыраны Халықаралық ғарыш стансысына Астана уақыты бойынша бүгін, қыркүйектің 8-і күні 17 сағат 11 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылады.

Соңғы жаңалықтар