11:26, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Бүгін Байқоңырдан Халықаралық ғарыш стансысына жиырмасыншы экспедиция аттанады
БАЙҚОҢЫР. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан бортына халықаралық экипаж мінген «Союз ТМА-15» ғарыш зымыраны ұшырылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ресейғарыш» агенттігінің ақпараты бойынша, мамандар «Союз» зымыран кешенінің жабдықтарын тексеріп, зымыран мен ғарыш аппаратын сынақтан өткізуде. Жергілікті уақыт сағат 11.00-де «Ресейғарыш» агенттігінің басшысы Анатолий Перминовтың жетекшілігімен Мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, онда техникалық басшылық пен комиссия мүшелерінің барлық кешендердің, жабдықтар мен құтқарушы топтардың әзірлігі туралы баяндамалары тыңдалады. Ғарыш кемесінің ұшу сапары бүгінге, Астана уақыты бойынша сағат 16.34-ке жоспарланып отыр. Кезекті экспедицияның экипаж құрамына ғарышкер Роман Романенко («Ресейғарыш»), астронавттар Франк Де Вине (ЕКА) мен Роберт Тирска (Канада) кіреді.