Бүгін елдің батыс, түнде шығыс аумақтарында найзағайлы жаңбыр мен күшті желдер болады, қалған аумақ антициклонның ықпалында болады

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, тамыздың 19-ы күні Қазақстанның батыс, түнде шығыс аумақтарының жекелеген өңірлері найзағайлы жаңбыр мен күшті желдер алып келетін - атмосфералық ағымдардың ықпалында болады. Елдің қалған бөліктері антициклонның әсерінде болады.
None
None

Мәселен, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында 15-20 м/с екпінде жел болады деп күтілуде.

Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде - тұман.

Ал Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе мен Қостанай облыстарының кей жерлерінде қатты ыстықтар сақталады.

Сондай-ақ «Қазгидромет» бүгін, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл сонымен бірге, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды мен Алматы облыстарының жекелеген өңірлерінде жоғары дәрежелі өрт қаупі сақталатынын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар