Бүгін еліміздің оңтүстік өңірінде нөсер жауын жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста нөсер жауын-шашын жауады, тек батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшейеді.
None
None

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшейеді.

Павлодар облысының  кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар