Бүгін қазақ боксшылары Риодағы жарыстарын толығымен аяқтады

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін қазақ боксшылары Риодағы жарыстарын толығымен аяқтады, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Биыл қазақ боксшылары Рио Олимпиадасына тұңғыш рет толық құрамда келген болатын. Жалпы ерлерден он салмақта 10 боксшы, ал қыздардан екі салмақта 2 боксшы аруымыз Риода ел намысын қорғады.

Сол он жігітіміздің төртеуі Рио Олимпиадасында ел үмітін ақтады. Айталық, 69 келі салмақта Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды. Бұл бокстан Риодағы Қазақстан қоржынына түскен алғашқы және соңғы алтын болып қалды. Ал 81 келіде Әділбек Ниязымбетов пен 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Василий Левит екеуі ел қоржынына екі күміс жүлдені сыйлады. Міне, бүгін Дычко Қазақстан қоржынына кезекті қола медальды салды.

Сонымен қатар Рио Олимпиадсында бокстан әйелдер арасында 3 салмақта 12 медаль жиынтығы сарапқа салынып жатыр. Жоғары да атап өткеніміздей, Қазақстанның намысын екі боксшы қызымыз қорғады. Бүгін Дариғадан Шәкімова қола жүлдені жеңіп алса, Жайна Шекербекова ширек финалда қарсыласына есе жіберіп жүлдесіз қалды.

Соңғы жаңалықтар