16:00, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
Бүгін Қазақстанға ресми сапармен Украина Президенті В.Янукович келді
АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Бүгін Қазақстанға ресми сапармен Украина Президенті Виктор Янукович келді.
Елорда әуежайында В.Януковичті ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев қарсы алды.
Украина Президенті әуежайдан Мемлекет басшысының Ақорда резиденциясына барады, онда мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Виктор Януковичтің кездесуі өтеді және бірқатар келісімдерге қол қойылады