Бүгін Қазақстанның басым аумағы антициклон тарамдарының ықпалында болады - Қазгидромет

ал республиканың солтүстігі, шығысы мен оңтүстік-шығысына фронталды бөліктер әсер етеді.
Мәселен, Шығыс Қазақстанда, түнде Алматы, Маңғыстау мен Атырау облыстарында, сондай-ақ күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан аймақтарының жекелеген өңірлерінде 15-22 м/с-қа дейінгі күштің желдер күтілуде.
Қызылорда облысында кей жерлерде шаң көтеріліп, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады.
Ал Атырау, Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында аптап ыстықтар жалғасады. Ақтөбе мен Қостанай облыстарында қатты ыстық болады деп күтілуде.
Сондай-ақ «Қазгидрометтің» ескертуінше, бүгін, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан мен Қостанай, Қарағанды, Жамбыл мен Алматы облыстарының кей аумақтарында 5-ші дәрежелі өрт қаупі сақталатындығы туралы ескерту жасады.