Бүгін Қазақстанның басым аумағында ауа райы салқындап, күшті желдер тұрады - Қазгидромет

зАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, қыркүйектің 9-ы күні Қазақстанның басым аумағының ауа райына салқын атмосфералық ағымдар әсер ететін болады.
None
None

Мәселен, Алматы, Жамбыл, Атырау, Павлодар, түнде Қызылорда, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде 15-22 м/с екпінмен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында ұйтқыма жел мен 17-22 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Қарағанды облысының кей өңірлерінде сондай-ақ, ұйтқыма жел мен секундына 17-22 метр жылдамдықта жел күтілуде, түнде топырақ бетінде 0-4 градус үсік жүреді.

Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында - кей жерлерде 17-22 м/с күшпен жел соғады, түнде 0-2 градус үсік түседі.

Соңғы жаңалықтар