Бүгін Қазақстанның басым аймағында ауа райы ыстық болады - Қазгидромет

АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, тамыздың 13-і күні Қазақстанның солтүстік аумағы атмосфералық ағымдар бөліктерінің ықпалында болады.
None
None

Ал республиканың қалғанжерлеріндегі ауа райын жоғары атмсофералық қысымның аумағы анықтайды.

Мәселен, Оңтүстік Қазақстан мен күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл мен 15-20 м/с екпінде жел күтілуде.

Күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп болжануда.

Ал Атырау мен Батыс Қазқақстан облыстарында аптап ыстық сақталады.

Маңғыстау, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарының кей аумақтарында қатты ыстық болуы ықтимал.

Қазгидрометтің ескертуінше, жоғары дәрежелі өрт қаупі Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қостанай және Қарағанды облыстарының жекелеген өңірлерінде сақталады.

Соңғы жаңалықтар