Бүгін Қазақстанның басым аймағында тұман мен жел болады деп күтілуде - Қазгидромет

СТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, сәуірдің 6-сы күні Қазақстанның басым аймағы атмосфералық ағымдар ықпалында болады.
None
None

Мәселен, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, түнде және күндіз Ақмола, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында сондай-ақ, күндіз Жамбыл аймағының жекелеген жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жылдамдыққа дейін күшейеді деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және күндіз кей аумақтарда тұман, секундына 15-20 метр қашықтықта жел тұрады.

Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарында - кей өңірлерде тұман болады.

Соңғы жаңалықтар