08:42, 08 Сәуір 2010 | GMT +5
Бүгін Қазақстанның басым аймағында жел тұрады - Қазгидромет
СТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, сәуірдің 8-і күні Қазақстанның солтүстік аймақтары антициклонның ықпалында болады. Ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс бөліктеріне атмосфералық ағымдар әсер етпек.
Мәселен, Алматы, Жамбыл, күндіз Оңтүстік Қазақстан мен Атырау, түнде Қостанай облысының оңтүстігінде - 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады деп күтілуде, Қызылорда облысының кей жерлерінде сондай-ақ 15-20 м/с қашықтықта жел соғып, шаңды боран болады.
Түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде және Маңғыстаудың жекелеген аумақтарында тұман, секундына 15-20 метр екпінде жел көтеріледі.
Ақтөбе облысында - кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарында 15-20 м/с күшпен жел соғады, тұман мен көктайғақ болжануда.