Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлар мен күшті желдер күтілуде - Қазгидромет

ТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, 29 қыркүйек күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағым бөліктерінің өтуіне байланысты жаңбырлар мен күшті желдер күтілуде.
None
None

Атап айтқанда, Алматы, Батыс Қазақстан, күндіз Атырау, Қостанай, Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Маңғыстау, таңертең Ақтөбе облыстарының кей аумақтарында тұман болжануда.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы 0-3 грудасқа дейін төмендейді.

Сондай-ақ синоптиктердің болжауынша, бейсенбіде Қазақстанның оңтүстік, орталық, шығыс және батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алдағы тәулікте күтіліп отырған нөсерлі жауындарға байланысты Алматы облысының төмен таулы өзендерінде су көлемі көтерілуі ықтимал. Республиканың оңтүстігіндегі және шығысындағы таулы өзендерде су көлемінің ауытқуы байқалады.

Соңғы жаңалықтар