Бүгін Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауып, күшті желдер тұрады

сондықтан жекелеген жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күшті желдер тұруы ықтимал. Қазақстанның тек шығысы мен оңтүстік-шығысы антициклонның ықпалына болады.
Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарының кей аумақтарында 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады, Қызылорда облысында оған шаңды дауыл араласады.
Ал Маңғыстау облысында бүгін тұманды.
Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы тәулікте Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Оңтүстік Қазақстан облысы тауларындағы жекелеген өзендерде су көлемінің артуы күтілуде. Ал Жайық өзенінің Атырау облысының маңынан ағып өтетін тұсында, Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзенінде су деңгейінің байыппен көтерілуі жалғасады, тасқындар мен су басу жағдайлары күтіліп отырған жоқ.