Бүгін Қазақстанның кейбір аймақтарында күшті жел тұрады - Қазгидромет

СТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін, сәуірдің 1-і күні Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын антициклон анықтайтын болады, солтүстіктегі шеткі аумақтарға атмосфералық ағымдар ықпал етпек.
None
None

Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтілуде.

Жамбыл облысында - жекелеген аумақтарда тұман болып, 15-20 м/с қашықтықпен жел соғады. Қызылорда, Оңтүстік, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы өңірінің кей аумақтарында секундына 15-20 метр күшпен жел тұрады деп болжануда. Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында оның екпіні 18-23, кей уақыттары 28-ге жетуі ықтимал.

Қостанай және Павлодар облыстарында - кей өңірлерде көктайғақ, 15-20 м/с екпінде жел болады. Ал Маңғыстау облысының кей жерлеріне тұман түседі деп болжануда.

Соңғы жаңалықтар