Бүгін Қазақстанның шығысы антициклонның ықпалында, ал батысында найзағайлы жаңбырлар, күшті желдер болады
Ал батыс өңірлер арқылы циклон мен суық атмосфералық ағымдардың ығысуы күтілуде. Бұл аумақта найзағайлы жаңбырлар болып, күшті желдер тұрады.
Мәселен, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел болжануда, күндіз Қостанай облысында оның күші секундына 23 метрге дейін жетуі ықтимал.
Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының кейбір аумақтарында ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді. Шығыс Қазақстан облысында түнде және күндіз - тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының кей өңірлерінде таңертең тұман күтілуде.
Сонымен қатар «Қазгидрометтің» ескертуінше, бүгін Қазақстанның оңтүстік, орталық, шығысы мен оңтүстік-шығысының кейбір аумақтарында жоғары дәрежелі өрт қаупі сақталады.