07:43, 26 Сәуір 2011 | GMT +5
Бүгін кейбір облыстарда жауын жауады, солтүстік-батыста - қар аралас, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста найзағай, шаңды дауыл мен күшті желдер күтілуде
АНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін Қазақстанның басым аумағы атмсофералық ағымдардың ықпалында болады,
оның әсерінен жекелеген жерлерде жауын жауады, солтүстік-батыста жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін. Ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай, шаңды дауыл мен күшті желдер күтілуде.
Атап айтқанда, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, түнде Ақмола, күндіз Қостанай облыстарының кей аумақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықта жел тұрады.
Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында 15-20 м/с күшпен соғатын желге шаңды дауыл араласуы ықтимал.
Ал Солтүстік Қазақстанның жекелеген өңірлерін тұман басады деп болжануда.