Бүгін кейбір өңірлерде күшті желдер мен жауын-шашындар күтілуде, шеткері солтүстікте жаңбырдың арты қарға ұласады

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін Жерорта теңізі аймақтарынан келетін кезекті циклон Маңғыстау облысы арқылы Қазақстанның орталық өңірлеріне тарайтын болады.
None
None

Соған байланысты жекелеген жерлерде оңтүстік-шығыстан күшті желдер соғып, жауын-шашындар болады. Ал республиканың шеткері солтүстігінде жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін. Атап айтқанда, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, күндіз Ақмола облысында оның күші секундына 23 метрге жетуі ықтимал.

Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында - тұманды, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облысының кей аумақтарында найзағай ойнап, 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Қызылорда облысында сондай-ақ найзағай ойнап, секундына 15-20 метр күшпен соғатын желге шаңды дауыл араласады.

Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз желді, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайтын болады.

Соңғы жаңалықтар