Бүгін Маңғыстау, Атырау және Ақмола облыстарында қатты ыстық болжануда

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, қыркүйектің 7-сі күні Қазақстанның батыс бөлігінің ауа райына атмосфералық ағымдармен байланысты циклон әсер ете бастайды. Ал республиканың шығыс бөлігі жоғары қысым аумағында қала береді.
None
None

Мәселен, Батыс Қазақстан, Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында, күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с қашықтықта жел болады деп күтілуде.

Қызылорда облысында - ұйытқыма жел мен 15-20 м/с жылдамдықта жел болады.

Ал Маңғыстау, Атырау және Ақмола облыстарында қатты ыстық болжануда.

Сондай-ақ «Қазгидрометтің» ескертуінше бүгін, Қазақстанның батысында, оңтүстігі мен орталығында, шығыс пен оңтүстік-шығыстың жекелеген жерлерінде жоғары дәрежелі өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар