18:41, 27 Қазан 2009 | GMT +5
Бүгін Мәжіліс депутаты У.Қалижанның қабылдауына 9 адам келді
анның 27-сі. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Уәлихан Қалижан азаматтарды қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауға барлығы 9 адам келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы «Нұр Отан» Орталық аппаратында өткен брифингте айтылды. Қабылдауға келген екі адамға құқықтық кеңес беріліп, жетеуінен өтініш қабылданды. «7 адам тұрғын-үй мәселесіне, 1 адам бизнеске, соңғысы еңбекақының төленбеуіне қатысты шағымданды», деп атап өтті брифингте партияның ресми өкілі Оксана Петерс.
Естеріңізге сала кетейік, Орталық аппараттың қоғамдық қабылдауында әр аптаның сейсенбі, жұма күндері сағат 10-12-ге дейін ҚР Парламентінің депутаттары, ал сәрсенбі, жұма күндері сағат 15-18-ге дейін Қазақстан адвокаттар одағы өкілдері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.