22:45, 21 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Бүгін Нью-Йоркте ҚР Президенті Н.Назарбаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді
Ю-ЙОРК. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары жалғасуда.

Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66-сессиясының жалпы жарыссөздерінен кейін Президент Н.Назарбаевтың мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған.
Атап айтар болсақ, сапар бағдарламасында Австрия президенті Хайнц Фишермен, Түркия Премьер-Министрі Реджеп Тайып Эрдоғанмен, Еуропалық кеңес президенті Херман ван Ромпеймен, Грузия президенті Михаил Саакашвилимен, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесулері қарастырылған.