Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Лондон Сити лорд-мэрі Дэвид Вуттонмен, сондай-ақ Ұлыбританияның бизнесмендерімен кездесті

Мэрдің"Мэншн хаус" резиденциясына келген соң, Қазақстан Президенті құрметті қонақтар кітабында лебізін қалдырды.
Кездесу барысында бүгін Лондонда ресми түрде ашылатын ХХХ жазғы Олимпиада ойындарын өткізу мәселелері талқыланды.
«Бұл күндері Лондон тарихта үшінші рет Олимпиада ойындарын өткізіп отыр. Мен бұдан Лондон мен Сити ауданының жетістік символын көріп отырмын, мұнда әрдайым бәсекелестік рухы бар және «алға, самға, талма» деген олимпиада ұранының нағыз ұғымын түсіне біледі», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ тараптар екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқылап, екі мемлекет арасында әріптестік пен өзара тиімді әрекеттің әрі қарай орнауына мүдделілік танытты. Кездесуден кейін Қазақстанның Президенті құрметіне лондондық Ситидің лорд-мэрі атынан қонақасы берілді.