Бүгін Павлодарда Екібастұз бен Ақсу қалаларының күндері өтеді

ПАВЛОДАР. 10 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарда Екібастұз бен Ақсу қалаларының күндері ашылады.
None
None

Іс-шаралар 2013 жылы тойланатын Павлодар облысының 75 жылдығына арналған.

Таңертең облыс орталығының базарларында жәрмеңкелер өтеді. Өздерінің өнімдерін қалалардың ауылдық аймақтарының агро шаруашылықтары мен өңдеу кәсіпорындары ұсынады.

Естай атындағы Мәдениет сарайында кәсіпорындар мен қала тұрғындарының шығармашылық жетістіктеріне арналған көрме ашылады. 

Павлодарда кең ауқымды бағдарламаларымен Ақсу мен Екібастұздың көркемдік ұжымдары өнер көрсететін болады.

Соңғы жаңалықтар