Бүгін республиканың батысында ауа температурасы төмендеп, жауындар тоқтайды - Қазгидромет
Республиканың батысына циклонның ығысуымен, ауа температурасы төмендеп, жауындар тоқтайды.
Мәселен, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, 15-22 м/с екпінде жел соғады. ШҚО-ның Жарма ауданында түнде желдің күші 25-28-ге дейін күшейеді деп күтілуде.
Алматы облысында кей жерлерде - көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20, Жалаңашкөл аумағында 20-25, кей уақыттары 30 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай және Қарағанды облыстарында түнде - бұрқасын, секундына 15-22 метр жылдамдықта жел тұрады, Қарағандыда сондай-ақ көктайғақ күтілуде.
Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында, түнде Жамбыл облысында тұман болады, желдің күші 15-20 м/с-ты құрайды.
Маңғыстау, Қызылорда облыстарының жекелеген өңірлерінде тұман, Маңғыстауда күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшеюі ықтимал.
Ал Ақтөбе облысының кей жерлерін тұман басып, түнде 18 м/с екпінде жел тұрады.